4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Қоғам

Тапа-талтүсте өрт шықты

Түркістандағы «Отырар»  шағынауданында көпқабатты үйден өрт шықты.  Тілсіз жауға электр қалқаны сымдарының тұйықталуы себеп болған.

Лезде лап ете түскен алау отты сөндіруге 3 техника мен 10 адам жұмылдырылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен күйік шалғандар жоқ. Жұртшылық оқыс оқиғаны газдың жоқтығымен байланыстырады. Себебі соның кесірінен олар тамақты да токқа әзірлеп, үйді де сол арқылы жылытуға мәжбүр. Әрине, содан кейін электр желісіне күш түседі дейді олар.

Бибігүл Өтегенова, тұрғын:

«Бұл бірінші рет емес. Анда-санда болып тұрады. Барлығы осал ғой. Сымдардың сапасы мәз емес. Әу баста жөнді істемеген. Енді адам шығыны болмай тұрғанда олқылықты жөндеп берсін. Газға өткізсін, тынышы.

Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 444 өрт шыққан. Оның 280-і тұрмыстық болса, 164-і – басқа да өрттер. Сондай ақ, осы жылы Түркістан қаласында 49 өрт оқиғасы тіркелген. Осы ретте төтеншеліктер тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *