4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлеумет

Пәтер «жауатын» күн жақын

Жыл  соңына дейін облыс орталығында 610 пәтер пайдалануға беріледі. Алдымен  тұрғын үйге мұқтаж, көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасылар  баспанамен қамтылады.

Қазір Түркістанда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылыс жүріп жатыр. Аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда. Бұл туралы  облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте айтылды. Онда Түркістандағы көпқабатты үйлердің құрылысы мен аумағын абаттандыру жұмыстары талқыланды.

Одан бөлек, 14 көпқабатты тұрғын үйдің 763 пәтері «Отбасы банк» арқылы және   3 көпқабатты тұрғын үйдің 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы   кредиттік жүйемен сатылымға шықты.

Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан қаласының  әкімі:

«7-20-25  бағдарламасы аясында жұмыстар жүруде.   15 үй 7 қабатты үйлер  келесі аптаның ішінде ныш-ер мен отар құрылыстан 5 үйді қабылдап аламыз.қалған үйлерді ай соңына дейін қабылдап аламыз.12 қабатты 8 тұрғын  үйде толық жұмыстар жүруде. 28-29 желтоқсанға дейін қабылдап алынады».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *