Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

Бір сыныпта оқыған бес Нұрсұлтан бас қосты

29 ноября, 2021
in Uncategorized
0
0
SHARES
27
VIEWS

Еліміз Тәуелсіздік алған жылы туған нәрестелерге Елбасының есімін қою жаппай сәнге айналды.  Әсіресе, 1991 жылы дүниеге келгендердің көбі Тұңғыш Президентпен аттас. Олардың алды 1998 жылдан бастап мектеп табалдырығын аттады. Тәуелсіздік төл құрдастарына қалам ұстатқан ұстаздардың алды зейнетте. Көбі – ұстаздық жолында сый құрметке ие.

Ақбаян Тілеубекованың бұл – алғашқы шәкірттері. Бүгінде отызға кеп, орда бұзардай болып тұрған осы азаматтарға, кезінде, дәл осы сыныпта әліппе ұстатып, әріп үйреткен. 1998 жыл. №31 Абай атындағы мектеп-интернатының,  1 ші «ә» сыныбы осы. Ол кезде Ақбаян ұстаз 18 дегі жас бойжеткен еді.

Бір қызығы бұл сыныпта бес Нұрсұлтан қатар оқыған. Әрқайсысы бір төбе дейді ұстазы. Аттас балалардың қызықтары да өз алдына, олардың қылықтары ұлағатты ұстаздың әлі есінде.

Ақбаян Тілеубекова, педагог:

«Осы мектептің табалдырығын аттаған күннен бастап іс-әрекеттері есімде. Сыныпқа ең алғаш келгенімде 28 оқушы болды: 14 қыз, 14 ұл бала. Сыныпта бес Нұрсұлтан болды. Тәуелсіздік құрдастары. «Нұрсұлтан», – десем, бесеуі бірдей дүркіреп орындарынан  тұрушы еді».

Сол бес Нұрсұлтанның бірі – Нұрсұлтан Қошқаров, бұл кездесуді асыға күтсе керек. Ол өзінің Елбасымен аттас болғанын мақтан етеді.

Нұрсұлтан Қошқар, Тәуелсіздіктің құрдасы:

«Мектеп қабырғасында онша сезіле қоймайтын, енді үлкен өмірге қадам басқаннан кейін Нұрсұлтан есімі кәдімгідей ойға салмақ салып, жауапкершілік артты. Маңызды шешімдерге келген кезде әйтеуір атымыз абырой әперген кездер де болған. Есімім Нұрсұлтан болғандықтан ба, жүрген жерімде мысым басып тұрады. Барлық салада есімім маған кәдімгідей жігер береді».

Ақбаян Орынбасарқызы әлі де білім беру саласынан қол үзген жоқ.  Бірақ бұрынғыдай бастауыш сыныптарға емес, бүгінде жоғары сыныптарға биология пәнінен дәріс береді. 1990 жылдардың ортасында  тұрмыс құрып, Бәйдібек ауданына көшіп кеткен. Бірақ ұстаздық жолын бастаған алтын ұя – осы бір мектеп… 1991 жылғы шәкірттері мен бес бірдей Нұрсұлтаны – көңілге ыстық боп қала бермек.

Tags: білім беру саласыелбасыНұрсұлтансыныптасТәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Арыны қатты «Омикронның» ақыры қалай болар екен?..

Келесі жаңалық

Төрт мың түлік «төркінін» тапты

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Төрт мың түлік «төркінін» тапты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz