Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

Итке сүйек тастағандай: депутаттар 5%-дың күлкілі екенін ескертті

25 ноября, 2021
in Uncategorized, Өзекті мәселе
0
0
SHARES
139
VIEWS

1 қаңтардан бастап мүгедектерге ай сайын берілетін жәрдемақы 5 пайызға өседі. Бұл – болмашы ғана қосылады деген сөз. Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов ҚР Премьер министрінің орынбасары Ерлан Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады. «Азық-түлік бағасы күн санап өсіп жатқанда, 65 мың теңге жырттыққа жамау болмайды», – деді ол. Толығырақ тілші тарқатады.

Еркінбай Шалтан – 1 топ мүгедегі. Жыл сайын жәрдемақыға болар болмас тиын қосылады дейді. Алайда ол дәрі-дәрмек тұрмақ, күнделікті азық-түліктен артылмайды. Мүгедек жандардың үні үкіметке жетпейді, сондықтан болар біздің ақымызды есептеуде нақты шарт жоқ, – деп күйінеді ол.

Еркінбай Шалтан, «Шапағат» қайырымдылық қорының төрағасы

 «67 мың теңге дейікші. Ол біздің немізге жетеді? Бір ғана пәтерақымыздың  өзі бұдан қымбат. Ендеше, мұны қандай логикаға сүйеніп есептейді екен?»

Бүгін осы мәселені Мәжіліс мінберінде депутат Ерлан Смаилов көтерді.

Ерлан Смайлов, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты:

«Азық-түлік өнімі, коммуналдық қызмет тарифі бағасының тұрақты өсуі мен жалпы өмір сүру құнының қымбаттауы жағдайында мүгедектігі бар адамдарға  жәрдемақы мен зейнетақы көлемінің артуы – аса маңызды мәселе.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ».

Түркістан облысында 15 мыңға жуық мүгедек тұрады. Енді бұл азаматтардың жәрдемақысы осыншаға өседі

Графика:

1-топ мүгедегі – 59 872 мың теңгеден 65 мың теңгеге;

2- топ мүгедегі 47 710 – 50 мың 95 теңгеге;

3-топ мүгедегі 32431 – 34 мың 52 теңгеге дейін.

Хадиша Мақұлбаева, облыстық ЕӘҚКҚ департаментінің бөлім басшысы:

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 қазандағы № 67-VII  Заңымен өзгерістер енгізілді. Бірінші топтағы мүгедектерге 65 мың теңге төленеді. Ол жыл сайын өсіп жатыр. Биыл 2021 жылға 65 мың теңге 1-топтағы мүгедектерге төленіп жатыр».

Түйін: Осылайша, Еңбек министрлігі 2022-2024 жж. арналған бюджет жобасында әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызға арттырмақ. Ал азық-түлік, тұрмыстық заттар, дәрі-дәрмек бағасы күн сайын шарықтап барады. Ендеше 60-70 мың теңге жай бір ғана адамның өзіне бір ай өмір сүруге жетпейтінін айтпаса да түсінікті. Осы тұста халық қалаулылары әлеуметтік аз қамтылған топқа төленетін  зейнетақы мен жәрдемақыны итке сүйек тастағандай қылмай, айтарлықтай мөлшерде өсіруді айтудай-ақ айтты. Ендеше мүгедек жандар мұңына келгенде үкімет соқыр мен мылқаудың күйін кеше қалмаса деп тілейік…

Tags: бағамүгедектердепутаттарЖәрдемақызейнетақы
Алдыңғы жаңалық

Қара отынның құны шарықтап тұр

Келесі жаңалық

Көпбалалы аналар министрдің отставкаға кетуін талап етті

Ұқсас жаңалықтар

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?
Uncategorized

Банктік деректеріңіз ұрланған жағдайда не істеу керек?

12 июня, 2025
Uncategorized

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектелген топтары үшін қаржылық қолжетімділікті арттыру жөніндегі ұсынымдар жобасы талқылануда

12 июня, 2025
Uncategorized

Кредиттермен жасалатын алаяқтық схемалар: өзіңізді алдауға қалайша жол бермеуге болады

12 июня, 2025
Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра
Uncategorized

Шардараның рухани байлықтары – ұрпаққа үлгі, ұлтқа мұра

5 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Көпбалалы аналар министрдің отставкаға кетуін талап етті

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz