Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Uncategorized

88 гектар бақ жайқалып тұр

10 ноября, 2021
in Uncategorized
0
0
SHARES
18
VIEWS

онда жеміс ағаштарының 150-ден аса түрі мен бірнеше сұрпы бар

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – ел тәуелсіздігімен бірге бой көтерген білім ошағы. 1993 жылы осы оқу орны жанынан 88 гектар тақыр жерге ботаникалық бақ салынды. Бүгінде ол биологиялық және экологиялық мәселелерді шешетін заманауи ғылым орталығы ғана емес, Түркістан қаласының жайқалған орманына, жасыл қорғанына айналды.  Бақтың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайлы тілшіміз Назым Қайратқызы сабақтайды.

Ерзат Егембердінің әкесі осы бақта бас агроном болған. Сол кезде 9 жасар бала  ағаш егіп, көшет суарып, көпке қолқанат боп жүгіріп жүретін. Енді бүгін әкенің ізін жалғап, осы бақта дендролог боп қызмет етеді.

Ерзат Егемберді, дендролог:

«1993 жылы университетіміздің алғашқы ректоры Мұрат Жұрынұлының ұсынысымен ботаникалық бақ құрылады. Кезінде бұл ашық жатқан, «Коммунизм» колхозы егіншілікке жарамсыз деп тастап кеткен жері болатын. Өйткені жердің асты 1 метрден ары қарай тас. Мұны қазір тек судың күшімен ғана ұстап тұрмыз».

Жалпы Түркістан қаласы экологиялық аймақ саналады. Дегенмен, ботаникалық бақ тынымсыз еңбектің арқасында өсіп өнді. Мұнда қазір декоративті және жеміс ағаштарының 150-ден аса түрі мен сұрпы өсуде. Оларды күтіп-баптаумен 20 маман айналысады. Солардың бірі-халықаралық университеттің алғашқы түлегі Рахия Абдуллаева.

Рахия Абдуллаева, аға лаборант:

«Біз – 1992 жылы университеттің Экология факультетін бітірген алғашқы түлектеріміз. 1996 жылы осы жерге жұмысқа келдім. Ол кезде бұл жер дала еді. Өз қолымызбен еккен көшеттер міне көріп тұрғандарыңыздай жайқалып, жасыл орман болды».

Ботаникалық бақта университеттің алғашқы ректоры Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы, жазушы Мұхтар Шаханов секілді ірі тұлғалар екен ағаштар жайқалып тұр. Әр ағашты Түркістан аймағының климатына, жеріне бейімдеу де көп уақыт пен еңбекті талап етеді дейді мұндағы мамандар. Бұл мақсатқа бақ ішінде арнайы жылыжайлар да бар.

Орынкүл Оразбаева, аға ғылыми қызметкер:

«Жалпы, бұл көшеттердің барлығы кәдімгі бала сияқты күтімді қажет етеді. Ұрығынан егілетін олардың өсуі үшін жылыжайдың ішіндегі температура, ылғалдылық бәрі өсімдіктің өсу қарқынына сәйкес болуы керек. Біз соған жағдай жасап, бала күткендей күтіп-баптап отырамыз».

Айта кетерлігі, биылғы көктемде бақта Президент Назарбаев деген атауға ие қызғалдақтың ерекше түрі алғаш рет гүлдеді. Бұл да тәуелсіздіктің бір жемісі, мерейтойға арналған сый іспеттес.

Tags: агрономботаникалық бақдендрологТәуелсіздік 30 жылХҚТУ
Алдыңғы жаңалық

Польша мен Беларусь арасы ушыға түсті

Келесі жаңалық

700-ден астам арыз-шағым қараған

Ұқсас жаңалықтар

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА
Uncategorized

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

26 октября, 2025
Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда
Uncategorized

Түркістан қаласында сайлау үдерісі жалғасуда

26 октября, 2025
АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ
Uncategorized

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

26 октября, 2025
САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!
Uncategorized

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

26 октября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

700-ден астам арыз-шағым қараған

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz