Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Әлеумет

4 мыңдай тұрғынның мәселесін қарады

4 ноября, 2021
in Әлеумет
0
0
SHARES
21
VIEWS

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде онлайн және офлайн форматта кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев 10-нан астам өтінішті тыңдады.

Алдын ала қабылдауға жазылған Түркістан қаласының тұрғыны, 2 топ мүгедегі З. Кулбаева жауапты мекемеден күтуші қарастыруды сұрады. Сондай-ақ жерінің құжатын рәсімдеуге қатысты шағымын да жеткізді. З.Кулбаеваның өтініштері назарға алынып, тиісті мекеме арқылы шешілетін болды.

Жетісай ауданының тұрғыны М.Ділдәбеков екі мәселе көтерді. Біріншісі Жетісай ауданына қарасты Жаңа дала елді мекеніндегі тұрғындарды алаңдатқан газ мәселесі болса, екіншісі – Ынтымақ ауылдық округіндегі спорттық алаңша құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлу. Екі мәселе де хаттамаға енгізіліп, мәслихат хатшысының атынан депутаттық сауал жолданатыны айтылды.

Төлеби ауданының бір топ ақсақалы Қасқасу ауылында жеке қаржыға салынған спорт кешенін мемлекеттік-жекешелік әріптестікке ендіруді және жыл сайын облыстық бюджеттен қаржыландырып отыруды сұрады. Зейнеткер А. Ермахамбетов мәселе шешілсе, ауылға қарасты 10 елді мекеннің балаларына спортпен тегін шұғылдануға мүмкіншілік туатынын айтты. Мәселе назарға алынып, мәслихат хатшысы мен фракция жетекшісі жауапты басқарма арқылы көмектесетіндіктерін жеткізді.

Партия филиалының фейсбук, инстаграм және Whatsapp желілеріне түскен  сұрақтар мен өтініштердің басым бөлігі ауыл әкімдерін сайлау, спортшыларды қолдау, елді мекендердегі инфрақұрылым, жайылым жер, мал шаруашылығы, өнеркәсіп, әлеуметтік көмек, тұрғын-үй, интернет желісінің сапасы мен тағы басқа мәселелерге  қатысты болды.

Солардың бірі, Сайрам ауданының тұрғындары Қарасу ауылдық округіне қарасты Ақбай каналының жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуді облыстық мәслихаттың сессиясында қарауды ұсынды. Мәслихат хатшысы Қ. Балабиев бұл мәселе жайлы хабардар екенін жеткізіп, 2022 жылдың басында шешілетінін айтты.

Тікелей эфир барысында Түркістан облыстық мәслихат хатшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыста атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Әлеуметтік желідегі бірқатар сұрақтарға толыққанды жауап берді. Сондай-ақ облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының жұмыстарына да тоқталды.

Қайрат Рахымұлы, депутат:

 «Әр уақытта әр депутат партияның қоғамдық қабылдаудаларында халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдайды. Өтініштерін орындап, мәселеге қарай депутаттық сауалдар жолдайды. Әлеуметтік желіде де шешілген мәселелермен бөлісіп жатыр. Әрбір шағым мен мәселені назардан тыс қалдырмаймыз. Барлық депутаттардың белсенділігін партия жыл соңында рейтинг арқылы анықтайды».

Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев қоғамдық қабылдаудағы барлық өтініш пен мәселе бақылауға алынып, жұмыс жүргізілетінін жеткізді. Жыл басынан бері партияның Түркістан облыстық филиалдарындағы  қоғамдық қабылдау бөлмелерінде депутаттар 1433 жеке қабылдау өткізіп, 3900-ден астам тұрғынның шағымын қарап, шешілуіне атсалысқанына тоқталды.

Халық қалаулылары қабылдауларды тек кеңселерде емес, проблемалы нысандардың басына барып, өткізіп келеді. Фракция мүшелері Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын жүзеге асыруға белсенді түрде үлес қосуда.

 

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: депутаттарЖетісайНұр отантұрғындарТөлеби ауданышағым
Алдыңғы жаңалық

12 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған

Келесі жаңалық

Қор-қорды тамсана соратын ұрпақ өсіп келеді

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады
Аймақ

Сайрам ауданында жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразылар орнатылады

18 марта, 2025
Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді
Аймақ

Төлебиде 120 пәтерлі үй пайдалануға берілді

18 марта, 2025
Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды
Cаясат

Елімізде тағы екі АЭС салынатын орынды анықтау жұмыстары басталды

17 марта, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

19 мая, 2025

КОЛЛЕДЖ ТЫНЫСЫ СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖАЗҒЫ МАУСЫМДА 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН: СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АУМАҒЫНА 111 ТОННАДАН АСТАМ БИОПРЕПАРАТ ҚҰЙЫЛДЫ

19 мая, 2025

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев өнер майталманы Гүлшат Тутованы қабылдады

19 мая, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 142 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

19 мая, 2025

АУДАН ӘКІМІ «ҚАСИЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

19 мая, 2025

19 мая, 2025

ШАРДАРА: ҚАЗАҚТЫҢ ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРЫ ҰРПАҚҚА МҰРА

19 мая, 2025
Келесі жаңалық

Қор-қорды тамсана соратын ұрпақ өсіп келеді

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНА ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСКЕ ҚАТЫСТЫ

saqnews.kz
13 мая, 2025
0

Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады

16 августа, 2021
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz