Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Ұялы байланыс және карьерлер мәселесі «майшаммен» қаралды

29 октября, 2021
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
28
VIEWS

      Түркістан облысындағы 151 ауылда мобильді байланыс мүлде жоқ. Ал өңірдегі 6596 шақырым республикалық, облыстық автожолдардың 3400 шақырымында ұялы байланыстың жоқтығынан телефонмен тілдесу мүмкін емес. Аталған мәселеге орай тұрғындар жиі шағымданғандықтан, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясы жанынан арнайы жұмысшы топ құрылып, нақты шешу жолдарын қарастыруда.

Аталған жұмысшы топтың құрамына облыстық мәслихат депутаттары, байланыс операторлары, жауапты басқарма өкілдері еніп, кеше екінші отырысын өткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Мақсат – проблемаларды айқындап, шешу жолын қарастыру, тиісті басқарма мен жауапы мекемелерге ұсыныс беру.

Жиында Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы орынбасары Ерлан Янабаевтың хабарламасы тыңдалды. Оның айтуынша, облыстағы 838 елді мекеннің 481-інде, яғни, 57, 3 пайызында 3G және 4G мобильді интернет бар.  206 ауылдық елді мекен 2G жүйесіне қанағат білдірсе, 151 ауылда (18,1%) мобильді байланыс болмай тұр. Облыстағы 6596 шақырымға жететін республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар автожолдардың 3400 шақырымында ұялы байланыс нашар және жоқ.

Ерлан Янабаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы орынбасары:

     «Облыс аумағында ұялы байланыс операторлары ұсынатын қызметтер өңір халқының қажеттіліктеріне жауап бермейді. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен байланыс операторлары арасындағы меморандум шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 250-ден астам тұрғындары бар 80 ауылдық елді-мекендерді 3G немесе 4G стандартымен мобильдік интернетпен қамтамасыз ету жүктелген  болатын. Алайда 58 елді мекен ғана мобильді кең жолақты қолжетімділікпен қамтылды».

Осылайша ол ауыл тұрғындарына мобильді интернеттен бөлек жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған жұмыстарды баяндады.  Қазақстанда алғашқы болып біздің облыста «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдары тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша талшықты-оптиканы пайдалану жобасы іске асырыла бастаған.

Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Ержан Тоқтағұлов пен өзге де жауапты мекеме өкілдерінің хабарламалары тыңдалды. Облыстық мәслихат депутаттары тұрғындар сапалы интернетке мұқтаж болып отырғанын айтып, мәселені жедел шешу керектігін жеткізді.

Жиын қортындысы бойынша фракция мүшелері мен байланыс саласына жауапты мекеме өкілдерінен құралған жұмысшы топ Түлкібас ауданындағы Састөбе кенті мен Келтемашат ауыл округінде болып,  ұялы байланыс сапасын тексеруден өткізді. Енді жұмысшы топ бекітілген жоспарға сай облыстағы 30-ға жуық елді мекенге барып, байланыстың сапасын тексереді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракциясы интернетпен қамтумен қатар өңірдегі карьерлерді заңсыз пайдаланушылардан қорғау мәселесін де бақылауға алған болатын. Облыс аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жалпы 110 келісімшарт және 38 лицензия берілген.  Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін болдырмау және алдын-алу мақсатында келісімшарт, лицензия аумақтарына зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, облыс аумағында жалпы келісімшарт міндеттемелерін толық орындамағаны үшін 18 келісімшарт және 4 лицензияның күші мерзімінен бұрын тоқтатылған.

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары құзырлы өкілдерімен бірлесіп, бірнеше аудан, қалада карьерлерге мониторинг жүргізді. Ол жұмыстар жалғасады. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныс беріліп, тиісті шешімдер қабылданады.

 

«Nur Otan» партиясы

 Түркістан облыстық филиалының

баспасөз қызметі

Tags: заңсыз жер қойнауын пайдалануинтернетмобильді байланысНұр отан
Алдыңғы жаңалық

Фрау Меркель дәуірі бітті

Келесі жаңалық

Шаруалар биыл да субсидиядан қағылғалы тұр

Ұқсас жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025
N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

N16 КОЛЛЕДЖІНДЕ “ТӘРТІП ТӘН ҮШІН, ЫНТЫМАҚ ЖАН ҮШІН КЕРЕК” АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Шаруалар биыл да субсидиядан қағылғалы тұр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz