Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Өзекті мәселе

Қорғансызды қауқарсызға күзеттіргеніміз қалай?

25 октября, 2021
in Өзекті мәселе
0
0
SHARES
63
VIEWS

балалар қауіпсіздігі - қыл үстінде...

Мектепті зейнеткерлер күзетіп жүр. Олар не рация, не құқықбұзушыларды ұстауға қажет бірде-бір құралмен қамтамасыз етілмеген де. Алатындары – айына 70 мың теңге. Сенаторлар осылай дабыл қақты. Осы ретте тілшіміз қаладағы бірнеше білім ошағына барып, балалардың қауіпсіздігін кімдер күзетіп жүргенін көзімен көріп қайтты.

Алпысты алқымдап қалған Закир Гарифуллин – мектеп күзетшісі. Оған дейін тұрақты еш жерде істемеген. Үй сылау, көмір тасу секілді маусымдық жұмыстармен ғана күнелткен.  Тіпті спорттан да хабары жоқ. «Жұмысқа қабылдар кезде ешқандай талап қойылған жоқ» дейді ол.

Закир Гарифуллин, күзетші:

 «Тірлігіміз сыртта айналамыз. Балаларға қараймыз: төбелесіп жатыр ма, жоқ па деп. Тәртіп бұзып жатқандарды ұстап, ескерту жасаймыз. Бұрын құрылыста істедім. Үш жылдан бері осы жердемін. Жұмыс сұрап келдім, қабылдады. Ешқандай талап қойған жоқ».

Қаладағы басқа бір білім ошағына бас сұққанымда, ол жерден күзет қызметкерлерін таба алмадық. Сөйтсек, онда мектеп қауіпсіздігіне жауаптылар тек кешкі уақытта келеді екен. Ал күндіз ішкі тәртіпке кезекші мұғалім ғана жауапты көрінеді.

 Жанәділ Малдыбеков, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицей мұғалімі:

«Мектебімізде үш қарауыл бекітілген, жұмысқа кешке таяу келеді. Барлығы кезінде бухгалтер болып істеген. Қызметте болған адамдар».

Мектептегі балалар қауіпсіздігі мәселесін сенатор Ақылбек Күрішбаев көтерген еді. Ресейдің Қазан мен Пермь қалаларында болған қанды оқиғаларды негізге алған ол елімізде күзетте отыратындардың көбі егде жастағылар екеніне алаңдаушылық білдірді. Себебі жалақысы 70 мың теңгеден аспайтын бұл қызметке жастар келе бермейді.

Ақылбек Күрішбаев – ҚР Парламент Сенатының депутаты: 

«Мектеп пен колледж директорлары жалақының төмендігіне байланысты қауіпсіздік қызметінде тек зейнеткерлер не зейнете шығуға аз қалған адамдар жұмыс істейді деп шағымдануда. Мекемелерді қорғау жөніндегі заңнама талаптарын күшейттік. Оқу орнындағы қаупісіздік қызметін ретке келтірдік деп есеп береміз. Бірақ іс жүзінде мәселе мүлдем шешілмеген. Оқу орындарындағы қауіпсіздік мәсесіне бұдан әрі көз жұма қарауға болмайды. Өйткені таразы басында балаларымыздың өмірі мен денсаулығы тұр».

Түйін: Заң бойынша, елімізде күзетке арнайы лицензиясы бар фирмалар ғана тартылады. Оларды конкурс арқылы таңдайды. Ал тендерде кім төмен баға ұсынады, сол жеңіске жетеді. Ал олар тура осы күзетшіге аз жалақы қояды. Сондықтан сол айлыққа көнген адамдардың жасына қарамай, спортқа бейімі барын да анықтамай жұмысқа қабылдай береді. Осыған байланысты бір топ сенатор ішкі істер министріне, сондай-ақ білім және ғылым министріне депутаттық сауал жолдап, тиісті шара қолдануды талап етті.

Tags: ААқылбек Күрішбаев сенатордабылкүзетмектеп
Алдыңғы жаңалық

Президент TikTok-ты тиімді қолдануға шақырды

Келесі жаңалық

Алты мыңнан астам адам құжатсыз жүр

Ұқсас жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз
Басты жаңалықтар

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз

13 ноября, 2025
ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ
Басты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР ЕЛ ІШІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМГЕ ҮЛКЕН ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ

4 июня, 2025
ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ АЗЫҒЫН ДАЯРЛАУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

2 июня, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢ ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ МЕН КӨШЕДЕ ҚҰРЫЛЫС-ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

2 июня, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Алты мыңнан астам адам құжатсыз жүр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz