4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Мәдениет

Түркістанға «Фариза» келді

Түркістан музыкалық драма театрында қазан айының 23-24 күндері “ФАРИЗА” спектаклінің премьерасы қойылады. Идея авторы және көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова сахналық қойылымның өзге туындылардан айтарлықтай ерекшелігі бар екенін жеткізді.

«Фариза» спектаклін қоюдағы басты мақсат – өрелі ақын, қоғам қайраткері, елімізге танымал тұлғаны халыққа терең таныту, қоғамды әдеби-мәдени тұрғыда байыту, жастардың интеллектуалдық белсенділігін дамыту, театр сахнасында техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көрерменнің қызығушылығын арттыру. Бұл спектакль көрерменнің назарын аудару әдісімен, заманауи технологиялық құрылғыларымен, айрықша декорациямен, сахна көңіл-күйіне сәйкес арнайы жазылған музыкамен ерекшеленеді. Пьеса қазақ тілінде қойылады, орыс тіліне ілеспе аударма жасалады» – деді ол.

Басты рөлдегі кейіпкерлерді “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Лейла Бекназар-Ханинга және Ерлан Кәрібаев сомдайды.

Айта кетейік, «ФАРИЗА» спектаклі бар болғаны көрермен назарына төрт рет ұсынылған. Алғаш рет Алматы, Мәскеу қалаларында, сондай-ақ елордамыз Нұр-Сұлтанда қойылған. Шыншыл да сыршыл өлеңдерімен жұрттың жүрегіне жол тапқан, адалдығы мен ақындығы тең түсетін, қайсар да қайталанбас талант иесі – Фариза Оңғарсынованың өмірі мен өлеңі туралы пьесаны «A+A Idea Fabric» продюсерлік орталығының тапсырысымен драматург Роза Мұқанова жазып шықты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *