4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Қоғам

Қысқа дайындықты облыс әкімі өз бақылауына алды

Түркістан облысында 597 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек аудандарында ауа райына байланысты, жылыту маусымы 6 қазанда басталды, ал қалған аудан-қалаларда 15 қазан – 1 қараша аралығында қосылады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Әбдіқадыров мәлімдеді.

Сондай-ақ, облыс көлеміне жалпы көмір отынының қажеттілігі 966,6 мың тонна, тасымалданғаны 517 мың тонна (53%). Қалғаны жылыту маусымы басталғанға дейін тасымалданады.

«Бюджеттік мекемелердің көмір отынына қажеттілігі 142,8 мың тонна, ол толық тасымалданған. Орталықтандырылған жылу беретін кәсіпорындардың көмірге қажеттілігі 99,3 мың тонна, тасымалданғаны 27,4 мың тонна (28%). Ал облыс тұрғындарының көмірге қажеттілігі 724,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 347 мың тонна (48%). Тасымалдау жұмыстары жалғасуда», – деді Әбілхан Әскерұлы.

Аудан-қала әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, облыс көлемінде 24 көмір тасымалдайтын орын бар. Тұрғындар үшін темір жол тұйығы бар елді мекендерде  Шұбаркөл көмірінің 1 тоннасы 4 500-18 500 теңге аралығында. Ал теміржол тұйығы жоқ елді мекендерде 18 500 – 22 000 теңге арасында. Ал былтыр қатты отынның тоннасы 13 500 – 18 500 теңге аралығында сатылған.

Жалпы жылу беру маусымына дайындық барысы штаттық режимде және облыс әкімінің қатаң бақылауында.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *