Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Жалған вакцина құжаты түбірінен жойылады

12 октября, 2021
in Денсаулық
0
0
SHARES
25
VIEWS

Қазақстан коронавирустың төрт толқынынан өтті. Бұл туралы бүгін үкімет сағатында денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Сонымен қатар Алексей Цой жалған вакцинация паспортын жасайтындарды қалай құрықтап жатқанын жеткізді. Үкімет сағатында көтерілген басқа да мәселелер келесі материалда.

Денсаулық сақтау министрлігі ІІМ күш біріктіріп, вакциналау құжатын табыс көзіне айналдырған ақхалаттыларды анықтауға кіріскен.  Нәтижесінде 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды. Оның жартысы жалған ПТР-анықтамасын жасауға байланысты болса, қалған жартысы вакцинация паспортын істеген.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

«Соттың шешімі шыға сала, жалған құжаттар базадан алынады. Әр жағдайды қатаң бақылаймыз. Бүгінде әр кабинетке камера қойылған. Одан бөлек, ішкі бақылау бар. Яғни Денсаулық сақтау басқармалары да тексереді. Шыны керек, халыққа бұл өзін-өзі алдау екенін түсіндіруге тырысып жатырмыз»

Елімізде әлі күнге дейін шектеу шараларын қабылдауға құқылы құзырлы орган жоқ. Бұған қоса, санитар дәрігерлер енгізетін шектеулер де түсініксіз. «Өңірлерде эпидемиологиялық ахуал ұқсас болса да, әртүрлі карантиндік шектеулер жарияланады», — деді Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева.

Айгүл Жұмабаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Былтыр Төтенше жағдай туралы заң бойынша елде төтенше жағдай режимі жарияланды. ТЖ мерзімі 30 күннен аспайтынына байланысты, осы мерзім аяқталысымен Қазақстан төтенше жағдай режимінен шығып, құқықтық турбуленттік күйіне түсті. Енді бизнес екі жылдай құқықтық алаңнан тыс өмір сүріп жатыр. Өйткені «карантиндік шаралар» ұғымы бірде-бір заңда, бірде-бір нормативтік-құқықтық актіде жоқ».

Ал депутат Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі мектептерде енгізілген санитарлық талаптар бала денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Мысалы, биыл оқушылар дәстүрлі оқу форматына ауысып,  «Бір класс – бір кабинет» жүйесі арқылы барлық пәнді бір кабинеттен шықпай оқып жатыр.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

«Бұл принцип балалардың мектепке кіргеннен шыққанға дейін бір бөлмеде отыруын көздейді. Демек, үзіліс кезінде де олардың сыртқа шығуына тыйым салынған. Мұндай талап олардың денсаулығына кері әсерін тигізбей ме? Балалар далаға шықпайды, бұрынғыдай ойнамайды, яғни қозғалмайды».

Ведомство басшысы өз кезегінде бұл мәжбүрлі шара екендігін айтты. Біздегі шектеу шараларының талаптары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алынған деді ол.

Tags: Алексей ЦойВакцинаКоронавирусқұжат
Алдыңғы жаңалық

Үй құламай, ешкім тырп етпейтін сыңайлы...

Келесі жаңалық

Агрономдар ауадай қажет

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025
Түркістанда жаңа перзентхана салынады
Cаясат

Түркістанда жаңа перзентхана салынады

13 мая, 2025
Денсаулық

Дәрігерлер науқасты емдеуден бас тарта алады

17 октября, 2022
Денсаулық

Елде жыл сайын 5000 әйел сүт безі қатерлі ісігіне шалдығады

14 октября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Агрономдар ауадай қажет

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz