Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Мәдениет

Үйден ұзап шыға алмайтындарға тамаша тосынсый жасалды

7 октября, 2021
in Мәдениет
0
0
SHARES
39
VIEWS

Төле би ауданында 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар

Түркістан туризм орталығына айналғалы мүмкіндігі бар адамның бәрі жан-жақтан киелі шаһардың көрікті жерлерін аралауға ағылып келіп жатыр. Ал  мүмкіндігі шектеулі азаматтар ше? БҰҰ ұйғарымымен қазан айының үшінші жексенбісі «Мүгедектер күні» деп белгіленген. Осы орайда Төле би ауданының «Атымтай жомарттары» осындай жандарға тамаша тарту жасады.

Бауыржан Абдуллаев – І топ мүгедегі.  Білім беру саласында еңбек ететін ол көне қаланың жаңа келбетін көріп, таңданысын жасырмады. Денсаулығында кінәрат болса да, ешқашан соны сылтауратып  жұмыстан жалтарып көрмеген жігіт ағасы балаларға тәлім берумен қатар, отбасын өнерге баулып отыр. Тіпті бүгінге дейін бірнеше байқаудың жеңімпазы атанып та үлгерген.

Бауыржан Абдуллаев, қала қонағы:

«2008 жылы оралмандардың «Түркістанды аңсау» этнофестиваліне келген едік.  Содан бері 13 жыл дегенде енді ғана келіп тұрмыз. Қала керемет дамып кетіпті».

Талғат Абылаев, қала қонағы:

«Түркістанға келіп тұрамыз. Әр келген сайын өсіп жатыр қала. Өркендеп жатыр. Яссауи мешітіне келдік. Экскурсия жасап келдік. Барлығы әдемі».

Жолдың ұзақтығына байланысты кейбіреулер жанына дәрігерін де ерте келіпті. Ұйымдастырушы Ғалымжан Елшібайдың айтуынша, олар құлпырған қаланы тек теледидардан емес өз көзімен көруі тиіс. Сондықтан басты мақсат – өздігінен үйден ұзап шыға алмайтын айрықша жандарға тарихи орындарды аралатып, көңілін бір серпілту.

Ғалымжан Елшібай, облыстық ҚР Журналистер одағының төрағасы:

«Әлемнің дамыған мемлекеттері қатарына қосылу экономикалық өссіммен ғана өлшенбейді. Сол елдің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлеуметтік әлсіз топтарға қаншалықты жағдай жасағанымен де таразылануы тиіс. Жалпы, бас-аяғы 20 шақты адам Түркістанның бүгінгі тамаша дамып жатқанын көріп, куә болып, қуанып ризашылықтарын білдіріп жатыр».

Ерекше жандарға қаланы аралатып, тарихи нысандармен таныстыру алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Айта кетейік, Төле би ауданында 5 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 700-ге жуығы 16 жасқа толмаған.

Tags: көрікті жерлермүгедектертуризмТүркістан
Алдыңғы жаңалық

Нан мен «майдың» жыры мәжіліске де жетті

Келесі жаңалық

Ғалам «5G»-ге көшкенде, Түркістан өгіз аяңмен қала ма?..

Ұқсас жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ
Басты жаңалықтар

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ ТҮРКІСТАНДА БЕС КҮН БОЙЫ ҮЗДІК ҚОЙЫЛЫМДАРДЫ САХНАЛАЙДЫ

13 мая, 2025
ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «МӘҢГІЛІК БАЛА БЕЙНЕ» ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

13 мая, 2025
«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды
Аймақ

«Қолөнершілер қалашығын» дамыту жолдары пысықталды

2 апреля, 2025
Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді
Аймақ

Төлеби ауданында 30 мыңға жуық көшет егілді

28 марта, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Ғалам «5G»-ге көшкенде, Түркістан өгіз аяңмен қала ма?..

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz