5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Қоғам

«Жеті ару. Ләйлі-Мәжнүн» оқырманға жол тартты

Түркістанда Түркі академиясы Низами Гәнжауидің туғанына 880 жыл толуына орай «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты жиын өтті. Онда көпшілікке Әзірбайжан ақынының «Жеті ару. Ләйлі-Мәжнүн» кітабының қазақ тіліндегі аударылған жинағы таныстырылды. 

Мұндағы шығармалар 1940 жылдары қазақтың танымал жазушыларының аудармалары негізінде жарық көрген. Десе де, уақыт өте келе ескіріп қолжетімсіз болуына байланысты  Түрік академиясы шығармаларды қайта басып шығаруды жөн санаған. Басқосуға бауырлас елдердің елшілері, депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты

Сахиба Гафарова, Әзірбайжан Милли Меджлисінің спикері:

“Мейлі қазақ, мейлі Әзірбайжан жалпы түркі тілдес халықтар өз тарихтарын жақсы біледі. Тарихты білген соң болашағына үлкен сеніммен қарай алады. Міне Гәнжауидің ұлы екі шығармасы аударылды.  Низами Гәнжауи тек Әзірбайжанның ғана емес, жалпы түркі халықтарына ортақ ұлы жазушы, ұлы ақын”.

Айта кетейік,  биылғы жылды Әзірбайжан Республикасының Президенті  «Низами Гәнжауи» жылы деп жариялаған еді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *