4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қазақстан

Елде ауру жұқтыру 35 пайызға азайды — Цой

Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
“Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 35 пайызға азайды. Ал кейінгі аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеген: аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін. ДДСҰ бағалауы бойынша, республикада репродуктив сан кейінгі төрт аптада 1-ден төмен, яғни пандемия бақылауда, сырқаттанудың тұрақты төмендеуі байқалады.
Оң динамика эпидахуал матрицасына да әсер етті: кейінгі екі аптада 5 аймақ “қызылдан” “сары” аймаққа өтті. Ол: ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, БҚО және СҚО. “Жасыл” аймақта – Түркістан облысы. Қалған 11 өңір “қызыл” аймақта”, – деді Цой Үкімет отырысында.
Еске салайық, Қазақстанда, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 845 388-ге жетті. Оның ішінде, 766 435 адам аурудан айықса, 10 427 адам қайтыс болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *