4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Шахмат: Бүгін Қазақстан АҚШ-пен кездесті

Шахматтан дүниежүзілік онлайн Олимпиаданың топтық кезеңі аяқталып, Қазақстан құрамасы «А» тобында бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Turkistanzaman.kz ақпараттық порталы. Сөйтіп плей-офф кезеңіне шығып, әлемнің ең үздік 8 құрамасының қатарынан табылды.
Отандастарымыз өз тобында Грузияны 4,5:1,5, Индонезияны 3,5:2,5, Румынияны 4:2 есебімен жеңді. Мұнымен тоқтамаған шахматшыларымыз сенсация жасап, азулы Қытайды 3,5:2,5 есебімен бағындырды. Одан кейін Арменияны 3,5:2,5 есебімен жеңсе, Грекияны 5,5:0,5, Австралияны 3,5:2,5 және Моңғолияны 4:2 есебімен жеңді. Отандастарымыз тек Иран құрамасынан ғана 2:4 есебімен жеңілді. Дегенмен ұлттық құрамамыз өз тобында бірінші орынға шығып отыр.
Қазақстан құрамасы сапында Ринат Жұмабаев, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Рустам Хуснутдинов, Мұртас Қажғалеев, Қазыбек Нөгербек сынды жігіттер мен Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева, Гүлмира Дәулетова және Меруерт Камалиденова өнер көрсетіп жатыр.
Бүгін, яғни, 13 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:30-да Қазақ елінің шахматшылары АҚШ құрамасымен кездеседі. Ақыл-ой өнерін меңгерген зиялы, зерек, ақылды өрендерімізге сәттілік тілейміз. Алға, Қазақстан!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *