4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Денсаулық

Үндістанда аса қауіпті вирус өршіп тұр

 

Үндістанның Керала штатындағы 11 адамда өлімге соқтыратын нипах вирусы анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. Қазіргі уақытта Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханасында 38 адам оқшауланған, олардың 11-де аурудың белгілері байқалған.
“Сегіз адамның сынамасы ұлттық вирусология институтына тестілеу үшін жіберілді”, – деді Джордж NDTV-ге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ауруханаға жатқызылған барлық адамдардың денсаулығы тұрақты. Жақында ғана Керала билігі 12 жасар баланың нипах вирусынан қайтыс болғаны туралы хабарлап, штат дәрігерлері онымен байланысқан 251 адамды тексеруді бастаған болатын. Аурудың таралуын болдырмау үшін Үндістан Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді және науқастардың байланыстарын неғұрлым қарқынды бақылауды ұсынды. Кожикоде аймағында және көрші үш ауданда да қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Нипах вирусы ұшатын түлкілер мен тышқандардан таралады. Әдетте бұл вирус жануардың сілекейі жағылған жемістерді жеген адамдарға жұғады. ДДҰ бұл вирусты әлемдегі ең қауіпті деп атайды, оған қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина жоқ, ал өлім деңгейі 40% пен 75%-ға дейін жетеді. Бұл Үндістандағы нипах вирусының алғашқы өршуі емес. Аталған індет 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда, 2018 және 2019 жылдары Керала штатында өршіген болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *