4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Түркістан облысында жүк көтергіш көліктің жүргізушісі мас күйде көлік басқарған

Әлеуметтік желіде полицейлердің жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрмен түсіріп жатқаны туралы бейнежазба таралды.

Түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, болуы мүмкін жол апатының алдын алды. Яғни үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге авариялық жағдай туғызған.

Анықталғандай, Түркістандық полицейлерге 05.09.2021 жылы сағат 19:00 шамасында С.Ерубаев көшесі бойынан жүк көтергіш автокөлігінің жол ережесін бұзып келе жатқаны және жүргізушісінің мас халде болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен.

Ақпарат бойынша дер кезінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР автоэкипажы оқиға орнына жетті. Содан жол ережесін бұзған көлікті тоқтату кезінде, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген ППР автоэкипаждардың көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде түсірілген.

Жүргізуші жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: 595-бабы (маневр), 606-бабы (авариялық жағдай туғызу), 599-бабы (бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту), 613-бабы (заңды талапқа бағынбау) және масаң күйде көлік басқарғаны анықталып, 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *