Қазақстан Қорғаныс министрлігінің басшысы Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстардың салдарын жою кезінде төрт әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы хабарлады.
“Оқиғаның себебін қазір құрылған жедел-тергеу тобы анықтап жатыр. Біз жарылысқа себеп болуы мүмкін жағдайлардың түрлі себептерін жоққа шығармаймыз. Бұл қауіпсіздік талаптарын бұзу болуы мүмкін, бұл өздігінен жану, химиялық реакция болуы мүмкін. Сондай – ақ қасақана өртеу немесе диверсия болуы мүмкін”, – деді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев брифинг барысында.