5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +16°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Әлем

Түркіменстанда нанға таласқан тұрғындар төбелесті

Азық-түлік тапшы Түркіменстанда тұрғындар арзан нан үшін жиі жанжалдасатын болған.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, 24 тамызда Ашғабадта таңғы сағат бесте мемлекеттік дүкендердің бірінің алдына адам әдеттегідей көп жиналды. Бірақ арзан нан кезекте тұрғандардың бәріне жетпеген. Соның салдарынан жанжал шыққан.

“Мемлекеттік дүкен алдында нан кезегінде тұрған әйелдер төбелесіп қалды. Кезек соңында тұрғандар нан бәріне жетпейтінін түсініп, алға қарай ұмтылған. Олар таңғы сағат үштен бері кезекте тұрған. Кезекте тұрған адамдар екі жарылып, төбелес шыққан. Күші басым болған топтағылар ғана нан сатып ала алды” дейді төбелес куәгері.

Нан кезегіндегілердің төбелесі жиілеуіне байланысты астана билігі кезекті бақылайтын полиция қызметкерлерін көбейткен. Бірақ одан жанжал азаяр емес.

Түркіменстан үкіметі биыл 1 млн 400 мың тонна астық жиналып, мемлекет жоспары толық орындалды деп мәлімдеген. Алайда елде нан әлі күнге дейін тапшы.

Түркіменстан төрт жылдан бері экономикалық дағдарыстан шыға алмай келеді. Базарда 5-10 манат тұратын нан мемлекеттік дүкенде 60-80 теңгеге сатылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *