4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Cаясат

Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарады

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. Үкімет басшысы республикалық бюджеттің ұсынылып отырған жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық әрі уақтылы орындауға, сондай-ақ қазіргі жағдайда экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Дағдарысқа қарсы макроэкономикалық саясатты іске асыру пандемияның салдарын жұмсартып, экономикалық өсу қарқынын қалпына келтіру процесін іске қосуға мүмкіндік берді. 2022 жылы экономиканың 3,9%-ға дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Атаулы ЖІӨ 2022 жылы 87,1 трлн теңгеден 2026 жылы 119,9 трлн теңгеге дейін өседі. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2022 жылы 4-6%-ды құрайды, кейіннен 2026 жылы 3-4%-ға дейін төмендейді. Шикізаттық емес сектор сапалы өсудің негізгі драйверлерінің біріне айналады және экономика тұрақтылығының негізгі факторы болып қала береді. Бюджет шығыстарының негізгі бағыттары экономиканың нақты секторын, кәсіпкерлікті, әлеуметтік инфрақұрылымды, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, мәдениет пен спорт салаларын, сондай-ақ қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сапалы және орнықты дамытуды қамтамасыз ету болмақ.
Үкімет басшысы аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын Парламентке енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *