4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Қоғам

Түркістан: Балалардың құқығын қорғайтын жаңа жоба басталды

Түркістан облысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық тиылмай отыр. Соңғы үш жылда отбасында балаға қатыгездік көрсету бойынша 150 оқиға тіркелген. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы қолға алынуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы мәлімдеді.
«Балалардың қауіпсіздігіне арналған мұндай бағдарлама бұрын-соңды болмаған. Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру арқылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. «Ел ертеңі – жас ұрпақ» жобасы «Береке» және «Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктері, «Онлайн отбасы академиясымен» серіктестікте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл бастама жүзеге асса айтарлықтай нәтиже береді деген сенімдеміз», – деді Ш.Жамалбекұлы.
Өз кезегінде «Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба серіктесі Ақбаян Жакипова «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы жөнінде баяндады.
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кері әсері өмір бойы сақталуы мүмкін, олар денсаулығына, мінез-құлқына және одан кейінгі зорлық-зомбылыққа себеп болады. Сондықтан кешенді бағдарлама мектептердің педагогикалық ұжымдарының, оқушыларының, ата-аналар комитеттерінің әлеуетін арттыру арқылы отбасындағы және мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмауға ықпал жасауға бағытталып отыр», – деді А.Төлбасықызы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *