Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Қазақстан

Еуразиялық Кеңес Президенті Тоқаевты Брюссельге шақырды

19 августа, 2021
in Қазақстан
0
0
SHARES
15
VIEWS

Мемлекет басшысы Еуразиялық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуразиялық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиялық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.

– Біз Еуразиялық Одақпен қарқынды сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қазақстан – Еуразиялық Одақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 24 миллиард долларға жуықтады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мен Еуразиялық Одақтың арнаулы өкілі дағдарыстан кейінгі кезеңде өзара іс-қимылдың бағыттары ішінде жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялар, инфрақұрылым мен денсаулық сақтау салаларына ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
Халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Ауғанстандағы жағдайға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр.
Тараптар Ауғанстанның барлық аумағында жуық арада жағдайдың тұрақталып, қоғамдық тәртіптің орнығуына, адам құқықтары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін білдірді. Қазақстан Президенті мен Арнаулы өкіл Орталық Азия елдері мен Еуразиялық Одақ арасындағы қарым-қатынаста аталған мәселенің маңызын ескере отырып, байланыстарды қолдауға дайын екендерін нақтылады.
Тери Хакала Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясын қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында Тараптар Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары мен келешегі, оның ішінде Түрікменстанда өткен Мемлекет басшыларының үшінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Tags: БрюссельТоқаев
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда мұғалімдерге балалар оқулығын өз бетінше таңдауға рұқсат етіледі

Келесі жаңалық

Ұйықтап жатқан қыздың телефоны өртеніп, басын күйік шалды

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ
Аймақ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ МЕН ҚХР КОМПАНИЯЛАРЫ АРАСЫНДА БІРҚАТАР СЕРІКТЕСТІК КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

30 мая, 2025
ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Аймақ

ТҮРКІСТАННАН АҚМОЛАҒА: ЖӘРМЕҢКЕГЕ 200 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ТИЕЛГЕН КЕРУЕН ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

30 мая, 2025
ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

10 мая, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:
Cаясат

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталды Қасым-Жомарт Тоқаев:

24 апреля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Ұйықтап жатқан қыздың телефоны өртеніп, басын күйік шалды

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz