5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +15°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Қоғам

Әлімхан Жүнісбек дүниеден өтті

Филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек қайтыс болды.

Әлімхан Жүнісбек 1938 жылы қазіргі Түркістан облысында туған.

ҚазМУ-дың филология факультетін 1963 жылы бітірген. 1964 жылдан Қазақстан ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Әлімхан Жүнісбек қазақ фонетикасына, орфография мен орфоэпия мәселелеріне, сингармонизм теориясына еңбек сіңірген ғалым.

Ол түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі, қазақ тіліндегі сингармонизм заңы, қазақ тілінің артикуляциялық базасы құрамындағы артикуляциялық үлгілер, қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі, латын әліпбиіне көшу мәселелері, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі мәселелерімен айналысқан.

Ғалым 2007 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.

ТurkistanZaman ақпарат агенттігі Әлімхан Жүнісбек отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *