Төлеби ауданының тұрғыны құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер осы мақсатта өз кәсіпорынын іске қосып, бүгінде 5,6 гектар жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде.
Кәсіпкердің айтуынша, құс шаруашылығы — қазіргі кездегі ең табысты кәсіптердің бірі. Күркетауық өсіру — оңай әрі пайдалы іс. Құсты күтіп-бағу үшін таза ауа, нәрлі тағам мен таза су болуы керек. Сондай-ақ, үй жағдайында күркетауықты ұстауға арналған аймақ үлкен болғаны жөн дейді. Себебі, күркетауық ашық кеңістікте өмір сүруді жаны сүйеді,-дейді шаруа.
Айта кетейік, бүгінгі күні шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 15 адам еңбек етеді . Алдағы уақытта күркетауық санын арттырып, күркетауық етін өндіру жоспарда.