4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Басты жаңалықтар

Қазақстандықтар қосымша екпе алады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинация салу науқанының басталу мерзімін айтты,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасай отырып.

«Иә, бізде ревакцинация жасау жоспарланып жатыр. Қазір біз әдістерді анықтаймыз. Бірақ білесіз бе, ревакцинацияның екі түрлі ұғымы бар. Шұғыл түрі – ұжымдық иммунитетті алғанға дейін – 60-70%-дың болуы. Жоспарлы ревакцинация – ол әдетте жылына бір рет жасалады. Яғни біз қазір бөліп жатырмыз, өйткені Қазақстан ақпан айынан бастап вакцинациялауды бастады. Халықтың басым бөлігі маусым-шілде айларында вакцина алды. Сондықтан бізде әлі де антиденелер бар. Мүмкін шамамен екінші дозаны алғаннан тоғыз айдан кейін біз оны күнтізбеге енгіземіз. Қазір біз осыны анықтап жатырмыз, әріптестерімізбен мәселені қарастырып жатырмыз», – деді Алексей Цой.

Ревакцинация мәселесі халықаралық деңгейде өзекті болып тұр. Себебі, адам ағзасындағы иммундық жүйе уақыт өткен сайын әлсірей береді. Қазіргі таңда қайта екпе алуды қолдайтын бірқатар елдер бар.

«Бұл былтыр вакцинацияны бастап кеткен Израиль, АҚШ және Ресей. Оларда вакцинаның алғашқы дозасын алғаннан бері 9 ай өтті. Сондықтан да бізге осы кезеңде, яғни қазан айына таман ревакцинация өзекті бола түспек. Жоспарлы түрде 1 қазанға келіп тұр», – деді министр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *