4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Басты жаңалықтар

Түркістандағы науқастардың 93%-ы вакцина салдырмаған

Түркістан облысында ауырып жатқан 93% науқас вакцина салдырмағаны белгілі болды,- деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы Хабар.24-ке сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 2005 науқас жергілікті ауруханаларда емделіп жатыр. Оның 7% ғана екпе алған. Атап айтсақ, 12 науқас екпенің толықтай қос компонентін алған. Ал жансақтау бөлімінде жатқан 82 адам мүлдем екпе қабылдамаған.Дәрігерлердің айтуынша, екпе қабылдамағандарда ауру екпе қабылдағандарға қарағанда ауыр өтеді.

«Дәл қазіргі таңда облыс көлемінде 310 мобильді топ жұмыс атқарады. Оның құрамында 1 дәрігер мен екі мейірбике болады. Олар науқастың жағдайына қарап, егер де симптомдар бар болатын болса, тегін препараттарды сол жерде науқасқа тағайындап береді. Қосымша қажет болатын болса, қан алу сияқты зертханалық жұмыстарды сол жерде жасайды. Қазіргі таңда үй жағдайында 645 адам ем қабылдап жатыр. Барлығының жағдайы қалыпты»,-дейді Қалалық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *