4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Әлем

COVID-19: Әлем – коронавирусқа қарсы вакцина өндірісін жандандыруда

«Moderna» препаратын өндіретін АҚШ фармацевтикалық компаниясы өздері әзірлеген вакцинаның тиімділігі екінші дозаны енгізгеннен кейін алты ай ішінде 93% деңгейінде сақталатынын хабарлады. Бұл аталмыш компания жүргізген алғашқы клиникалық зерттеулердің нәтижесінен айтарлықтай төмен емес. Бастапқыда эпидемиологиялық тиімділік 94% деңгейінде болды.                                                                  (Pfizer және BioNTech ресми түрде препараттардың тиімділігі екінші вакцинациядан кейінгі алты айда  84%-ға дейін төмендейтінін ресми мәлімдеді.

РФ вакцинация қарқынын арттыруда. Роспотребнадзордың айтуынша, Федерацияның 14 аймағында бірінші вакцинаны алған азаматтардың саны 70%-ға жетті. Кейбір өңірлерде ірі тұрғын үй кешендерінің ауласында вакцина көліктерінде көшпелі егу пункттері ұйымдастырылған. Тұрғындардың біраз бөлігін вакциналаумен қамту үшін кешкілік уақытта жұмыстан қайтатын адамдарды екпеден тыс қалдырмау мақсатында дәрігерлер сол уақытта аулада екпе егу бойынша қызмет көрсетуді бастайды. Адамдар мұндай әдістің өздері үшін өте ыңғайлы екендігін айтып, белсенділік танытуда.

Қытай коронавирусқа қарсы вакциналар өндірісін ұлғайтуда және әлем елдеріне иммундауға арналған препараттың 2 миллиард дозасын жеткізеді. Аталған көлемдегі екпелерді Қытай осы жылдың ішінде ұсынуға ниетті. Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин COVID-19 вакциналары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда айтты. ҚХР басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлескен сатып алу және COVAX жобасы аясында вакцинаны тарату бойынша жаһандық жобасына 100 миллион доллар жіберу жоспарлары туралы да хабарлады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *