4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Uncategorized

Қазақстанда індетке қарсы вакцинаның үшінші дозасын салу қарастырылып жатыр

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева айтты деп хабарлайды BAQ.kz

– Халықтың иммундық санаты мен вакцина мен індеттен кейінгі кезең де зерттеледі. Ауырғандар мен вакцина алғандарда антидене қаншалықты ұзақ уақыт сақталуына қатысты ревакцинациялау мәселесі талқыланады. Ол медициналық орталықта талқыланады. Инфекционистер мен вирусологтар, ғалымдардың арнайы тобы оны талқылап, ревакцинацияны жүзеге асыру керек пе, жоқ па деген мәселені шешеді, – деді ол.

Атығаева айтқандай, ревакцинация мәселесі антиденелердің сақталу уақыты зерттелген соң бір-ақ енгізілуі керек.

-Бұл мәселе инфекциямен ауырған адамның ағзасындағы немесе вакцина алған адамның организміндегі антидененің сақталу мерзіміне қатысты шешілуі керек. Ревакцинациялау мәселесі көрсеткіштерден кейін ғана жүзеге асырылуы керек, – деді жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *