4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Мәдениет

ҚР еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова өмірден өтті

81 жасқа қараған шағында ҚР еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің кавалері, профессор, әйгілі педагог, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының Эстрадалық вокал кафедрасының негізін қалаушы Люция Қажығалиқызы Төлешова өмірден өтті. Қайғылы жағдай туралы академияның бұрынғы ректоры, режиссер Асхат Маемиров өзінің инстаграм парақшасына жазды.
Люция Тулешова 1941 жылы 22 мамырда Астрахан облысында дүниеге келген. 1962 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітіргеннен кейін Мәскеудегі Гнесиндер музыка академиясына оқуға түседі. Ол Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының солисі болды, онда “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын” және т.б. операларда басты рөлдерді сомдады.
Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының “Эстрадалық вокал” кафедрасының профессоры болып еңбек еткен Люция Қажығалиқызы Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Б.Ретбаев секілді бірқатар танымал әншілерді өнерге баулыған.
Бүкіл өмірін өнерге арнаған Люция Тулешова коронавирустан қайтыс болды.
«Turkistan Media Holding» ЖШС өнер қайраткерінің отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *