22 қараша 2026, жексенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 455,00
  • EUR 498,77
  • CNY 68,12
  • RUB 5,56
Жедел
21 қараша – Дүниежүзілік телевидение күні ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ – АЗАМАТҚА ҚОЛАЙЛЫ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛГІСІ РУХАНИ АСТАНАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ: КОНСТИТУЦИЯҒА ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ Қазақстан БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде 16-шы орынға көтерілді ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫН ТАНЫТҚАН КӨРМЕ ӨТТІ Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан мұнай кірісін инфрақұрылымды дамытуға бағыттайды ҒЫЛЫМ, ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ АЛКОГОЛИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Uncategorized

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНА САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілуде. Бұл мәселелер «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында негізгі басымдықтардың бірі ретінде белгіленген.

Осы бағыттағы міндеттерді талқылау мақсатында «Әділет» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Алмас Салимов бастаған штаб мүшелері Мақтаарал аудандық «Атакент» емханасының медицина қызметкерлерімен кездесті.

Жиында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, ауылдық елді мекендердегі медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мәселелері сөз болды. Алмас Салимов халық денсаулығын қорғау, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және медицина мамандарын қолдау партия бағдарламасындағы маңызды міндеттер екенін атап өтті.

Бағдарлама аясында 2031 жылға дейін Түркістан облысында 48 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Бұл бастама, ең алдымен, ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етуге және шалғай елді мекендердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында бірнеше медициналық нысанның құрылысы қарастырылған. 2026 жылдың соңына дейін Алғабас ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Жамбыл ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі. Ал 2027 жылы Қалыбеков елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу көзделген. Сонымен қатар 2028 жылы Қоңырат және Наурыз ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер бой көтеріп, Абай елді мекенінде дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.

Мұндай жобалардың жүзеге асуы ауыл тұрғындарының медициналық көмек алу үшін шалғай елді мекендерге қатынау қажеттілігін азайтып, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ партия бағдарламасында медицина саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға да айрықша көңіл бөлінген. 2031 жылға дейін кеңейтілген практика бойынша мыңнан астам мейіргер маманын даярлау, жыл сайын 25 медицина қызметкеріне әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, ана өлімін төмендету, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, аурулардың алдын алу және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту міндеттері белгіленген.

«Денсаулық сақтау саласының дамуы тек жаңа нысандар салумен шектелмейді. Білікті мамандарды даярлау, медицина қызметкерлерін қолдау, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және аурулардың алдын алу да маңызды. Сондықтан бағдарламада осы бағыттардың барлығы қамтылған», – деді Алмас Салимов.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері де өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды. Штаб мүшелері мамандардың пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер партия бағдарламасында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру кезінде ескерілетінін жеткізді.

Жалпы, денсаулық сақтау саласына бағытталған бұл бастамалар өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, ауылдық жерлердегі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және сала мамандарын қолдауға негіз болады.

Тапсырыс беруші: Салимов А.А.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *