12 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +3°C
  • USD 444,76
  • EUR 495,37
  • CNY 66,68
  • RUB 5,37
Жедел
Президент: Казахстан займет достойное место в авангарде мировой цивилизации «Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды Қуатты үнемде – болашақты қорға! ШЫМКЕНТ БРОСАЕТ ВЫЗОВ: ПОЛОСА ДЛЯ BOEING И СТРОЙКИ НА 100 МЛРД ТГ НОВАЯ ШКОЛА В КОСШЫ: БЕЗОПАСНОСТЬ ДЕТЕЙ И КОНТРОЛЬ ПРОЕКТА Транзиттік әлеует трансформацияланады Жолдау – ел дамуының жаңа бағдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Uncategorized

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

🔹Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

🔹Саммитке Қазақстан Президентімен бірге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыков қатысты.

🔹Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ аясындағы ықпалдастықтың негізгі аспектілерін қарастырып, Ұйымның 2026 жылы атқарған қызметінің нәтижесіне баға берді әрі алдағы кезеңге арналған жұмыстың басты бағыттарын айқындады.

🔹Сондай-ақ президенттер халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Владимир Путинге ризашылығын білдіріп, Ресей тарапының биыл ҰҚШҰ-ға өте нәтижелі төрағалық еткенін атап өтті.

🔹Президент халықаралық терроризммен күрес, есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ жасанды интеллект технологиясының ықпалы ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағыттары бойынша күш-жігер жұмылдыру қажет екеніне назар аударды.

🔹Қазақстан Президенті сөз соңында ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Тәжікстанның көшбасшысы Эмомали Рахмонды құттықтап, осы жауапты миссияны атқаруда сәттілік тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *