Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, инвестициялық ахуалды жақсарту және жаңа өндірістерді іске қосу мәселелеріне ерекше мән берілді. Бұл міндеттер еліміздің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірлердің дамуына тың серпін береді.
Инвестиция тарту – тек қаржы көлемін арттыру емес. Оның басты нәтижесі жаңа кәсіпорындардың ашылуы, заманауи технологиялардың келуі, тұрақты жұмыс орындарының құрылуы және жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігінің өсуі арқылы көрінуі тиіс.
Түркістан облысы үшін инвестициялық әлеуетті тиімді пайдалану аса маңызды. Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, туризм, жеңіл өнеркәсіп, логистика және құрылыс индустриясы бағыттарында жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Меніңше, инвесторларға қолайлы жағдай қалыптастырумен қатар, олардың жобаларының нақты экономикалық және әлеуметтік нәтижесіне де басымдық берілуі қажет. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, отандық өнім үлесін арттыру және өндіріс мәдениетін дамыту инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштеріне айналуы тиіс.
Инвестицияның шынайы құндылығы оның өңір тұрғындарының өміріне әкелген оң өзгерісімен өлшенеді.