4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр
Басты жаңалықтар

«Халықтық құрылыс» жобасы аясында 100 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған

Атырауда Президент Жолдауында белгіленген міндеттер мен бастамаларды түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын бастады. Топ мүшелері өңірдегі мекемелердің еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесулер өткізіп, ел дамуының басым бағыттарын талқылайды.Алғашқы кездесу Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтіп, оған 100-ден астам адам қатысты.

Жиында ҚР Құрылтай депутаты Арман Хайруллин Жолдауда көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған бастамалардың маңызын түсіндірді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында учаскелік медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңімен 40 пайызға көтеру жоспарланып отыр. Білім беру бағытында мұғалімдердің қағазбастылығын азайтып, негізгі міндеті – сапалы білім беруге басымдық беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар 20 өңірде 237 мың балаға арналған арнайы мектептер салу көзделген.

Кездесуде «Халықтық құрылыс» жобасына да ерекше назар аударылды. Депутаттың айтуынша, 2027 жылды Құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсыныс елдегі демографиялық өсімге сай әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жол ашады. Жаңа мектептер, мәдениет және әлеуметтік нысандар салу қажеттілігі артып келеді. Бұл ретте құрылыс саласын дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді.

– «Халықтық құрылыс» жобасы елдің дамуына серпін береді деп есептеймін. Бұл – болашаққа салынған инвестиция. Жоба аясында 100 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Ол үшін заңнамалық негіздерді жетілдіріп, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейтін қолайлы жағдай қалыптастыру маңызды, – деді Арман Хайруллин.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *