4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА-ТОҚЫМА КЛАСТЕРІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Президент Жолдауда Түркістан облысында суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластері құрылып жатқандығын айтты. Иә, облыста шетелдік инвесторлармен бірлесіп мақта шикізатынан дайын өнім шығаратын кластерлік жүйе қалыптасып келеді.
Түркістан облысында заманауи мақта-тоқыма кластерін қалыптастыру – өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ауыл шаруашылығында қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған маңызды экономикалық бастама.
Мақта шаруашылығы – Түркістан облысының дәстүрлі әрі стратегиялық маңызы бар салаларының бірі. Әсіресе Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының экономикасында мақта өндірісінің орны ерекше. Алайда бұл саланың экономикалық тиімділігін тек жиналған шикізат көлемімен бағалау жеткіліксіз. Негізгі мәселе – өндірілген мақтаны терең өңдеп, одан дайын тоқыма өнімдерін шығару. Осы тұрғыдан алғанда, мақта-тоқыма кластерін құру – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті өзара байланыстыратын кешенді жүйе.

Жуырда ғана Отырар ауданындағы «Түркістан тоқыма» кәсіпорнының тағы екі зауыты іске қосылып, төрт зауыттан тұратын өндірістік кешен толық жұмысқа кіріскен болатын. Бұл өңірдегі мақта-тоқыма кластерін құрудағы аса маңызды қадам. Кәсіпорындарда мақта өңдеудің заманауи технологиялары қолданылады. Өндірістік үдеріс шикі мақтаны қабылдау, тазалау, кептіру, мақта талшығын тұқымынан ажырату, престеу және дайын өнімді қаптау кезеңдерін қамтиды. Жалпы зауыттардың толық іске қосылуы өңірде мақта шикізатын терең өңдеу көлемін арттырып, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге жол ашады. Сонымен қатар, жаңа өндіріс орындары жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға, ауылдық аумақтардың экономикалық белсенділігін арттыруға және Түркістан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *