16 қазан 2026, жұма ☀️ Түркістан +13°C
  • USD 454,14
  • EUR 509,23
  • CNY 67,87
  • RUB 5,41
Жедел
Еуразияның бірыңғай көлік жүйесін дамыту және транзитті 100 млн тоннаға дейін ұлғайту: Астанада халықаралық көлік ынтымақтастығының басымдықтары талқыланды МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ Сайрам ауданында округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарлары өткізілуде МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ 29 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ 29 қараша / ноября Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: “2027 жылдан бастап әлеуметтік төлем қалай тағайындалады?” Премьер-министр Олжас Бектенов заявил, что богатые казахстанцы не должны получать пособия.
Басты жаңалықтар

Сайрам ауданында округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту семинарлары өткізілуде

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мақсатында Сайрам ауданындағы округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
Семинарлардың негізгі мақсаты – комиссия мүшелерінің сайлау заңнамасы бойынша білімін жетілдіру, сайлау процесін ұйымдастыру тәртібін түсіндіру және сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес өткізуге қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту барысында сайлау заңнамасының негізгі талаптары, комиссиялардың міндеттері мен өкілеттіктері, дауыс беру процесін ұйымдастыру, сайлау құжаттарын рәсімдеу және дауыстарды санау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мұндай оқыту іс-шаралары сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *