Құрылыс саласының маманы ретінде мұндай жобаларда ең алдымен орындалып жатқан жұмыстардың сапасына, жобалық шешімдердің сақталуына және болашақ нысанның қауіпсіздігіне мән беремін. Қазір құрылыс жалғасуда, сондықтан осы талаптардың әр кезеңде сақталуы өте маңызды.
Жобада кешен ішіндегі спорт залдарымен қатар, сыртқы аумақта ашық спорт алаңдарының қарастырылғанын да дұрыс шешім деп санаймын. Бұл нысанның мүмкіндігін кеңейтіп, оны спорттың және белсенді демалыстың әртүрлі түрлері үшін пайдалануға жағдай жасайды.
Қазіргі кезеңде инженерлік жүйелердің монтажы, ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстарының сапасын бақылауға ерекше назар аудару қажет. Өйткені нысанның қаншалықты қолайлы, сенімді және ұзақ мерзім қызмет ететіні дәл осы жұмыстардың сапасына тікелей байланысты.
Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Егер барлық жұмыс сапалы және жоба талаптарына сәйкес орындалса, Сәтбаев қаласы тұрғындарға шын мәнінде қызмет ететін заманауи спорт нысанына ие болады.