5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

«Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

«Жасыл даму» АҚ және Sparklo Қазақстанда пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған фандоматтар желісін бірлесіп дамытуда. Бүгінде тұрғындар осы фандоматтар арқылы қайта өңдеуге 5 миллионнан астам бөтелке мен банка тапсырды. Бағдарламаға 100 мыңнан астам адам қатысты.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Көкшетау, Ақтөбе және еліміздің басқа да қалаларында 46 фандомат орнатылған. Олар сауда орталықтарында, кеңселерде, мектептерде және қоғамдық орындарда, соның ішінде Астананың Орталық саябағында орналасқан. Фандоматтардың осылай орналасуы тұрғындарға бөтелке мен банкаларды жұмысқа бара жатқанда, сауда жасау немесе серуендеу кезінде ыңғайлы тапсыруға мүмкіндік береді.

Жоба қалдықтарды бөлек жинау жүйесін дамытуға бағытталған және Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының мақсаттарына сай келеді. Sparklo мен «Жасыл даму» АҚ арасындағы ынтымақтастық қайталама шикізатты тапсыруды тұрғындар үшін қолжетімді етіп, қалдықтарды қайта өңдеуге жіберу әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Фандоматтар машиналық оқыту технологиясының көмегімен пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды автоматты түрде таниды. Тапсырылған ыдыс үшін пайдаланушылар Sparklo мобильді қосымшасында ұпай жинайды. Жиналған ұпайларды бағдарлама серіктестері ұсынатын жеңілдіктер мен бонустарға айырбастауға болады. Мұндай ынталандыру жүйесі тұрғындарды қалдықтарды бөлек жинауға тұрақты қатысуға ынталандырады.

Желіні дамытуға қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау операторы Zero Waste компаниясы да қатысуда. Оның қатысуымен 9 фандомат орнатылды. Тағы 5 фандоматты жергілікті серіктеспен бірлесіп Ақтау қаласында орналастыру жоспарланып отыр.

Алдағы уақытта «Жасыл даму» АҚ мен Sparklo жобаның географиясын кеңейтіп, фандоматтар санын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл тұрғындарға күнделікті бағыттарында пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды ыңғайлы жерлерде тапсыруға көбірек мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Sparklo — БАӘ-де құрылған халықаралық технологиялық компания. Компания пластик бөтелкелер мен алюминий банкаларды жинауға арналған фандоматтарды әзірлеп, өндіреді және пайдаланушыларды ынталандыру жүйесін дамытады. Қазақстандағы Sparklo компаниясының өкілі — «Sparklo Kazakhstan» ЖШС.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *