5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

«Әділет» партиясы «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалін бастады

Халықаралық қарттар күніне орай 1-4 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтеді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған шара аясында 3,5 мыңнан астам адам қатысатын 20 іс-шара жоспарланған.

Фестиваль ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізуге бағытталған. Бағдарламада ұлттық ойындар, спорттық жарыстар, шығармашылық кездесулер мен цифрлық сауаттылық сабақтары бар. Жас волонтерлер қарттарға цифрлық сервистерді қолдануды үйретіп, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіреді.

Аға буын өкілдерін қолдау – «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі. Партия зейнеткерлердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына және жастарға тәлімгер болуына жағдай жасауды көздейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *