5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

Абиба Әбужақынова Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына дзюдодан алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова -48 кг дейінгі салмақтың финалында жарыс қожайыны Митсуки Кондомен күш сынасты. Шиеленісті өткен белдесуде жапон палуаны басым түсті.

Бұл – отандасымыздың сары құрлық ойындарындағы екінші күмісі. Әбужақынова 2023 жылы Ханчжоуда күміс жүлдегер атанған.

Сондай-ақ Абиба – әйелдер арасында Азиаданың финалында Варвара Масягинадан (1998 жылы, Бангкокта күміс) кейін күрескен екінші отандасымыз.

Бүгін Нагояда қазақ дзюдошысы татамиде Асмита Дей (Үндістан) мен Лин Чэньхаоны (Тайпей) ұтты.

Қазір Қазақстан еншісінде Аичи-Нагоядағы ойындардың 9 алтын, 15 күміс медалі бар.
____

Абиба Абужакынова стала двукратной серебряной призёркой Азиатских игр

На проходящих в японской префектуре Аичи и городе Нагоя летних Азиатских играх Казахстан завоевал первую медаль в дзюдо, сообщает пресс-служба Дирекции развития спорта Министерства туризма и спорта РК.

Многократная призёрка чемпионатов мира Абиба Абужакынова в финале весовой категории до 48 кг встретилась с представительницей страны-хозяйки соревнований Мицуки Кондо. В напряжённой схватке победу одержала японская дзюдоистка.

Это вторая серебряная медаль Абужакыновой на Азиатских играх. В 2023 году в Ханчжоу казахстанская спортсменка также стала серебряной призёркой.

Кроме того, Абиба стала второй казахстанской дзюдоисткой, вышедшей в финал Азиатских игр среди женщин, после Варвары Масягиной, завоевавшей «серебро» в 1998 году в Бангкоке.

Сегодня в Нагое казахстанская дзюдоистка одержала победы над Асмитой Дей из Индии и Линь Чэньхао из Тайбэя.

Таким образом, в активе сборной Казахстана на Азиатских играх в Аичи-Нагое 9 золотых и 15 серебряных медалей.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *