30 қыркүйек 2026, сәрсенбі ☀️ Түркістан +14°C
  • USD 439,37
  • EUR 498,60
  • CNY 65,55
  • RUB 5,22
Жедел
Президент Қ.К.Тоқаевтың «Handelsblatt» іскерлік басылымына жарияланған мақаласы 2026 жылғы 29 қыркүйек В качестве еще одного приоритета в выступлении было названо создание казахско-германского партнерства в сфере цифровых инноваций и искусственного интеллекта Moody’s Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты» Moody’s подтвердило суверенный кредитный рейтинг Республики Казахстан на уровне «Baa1», прогноз «Стабильный» Қазақстан мен Германияның цифрлық инновация және жасанды интеллект саласындағы серіктестігін жолға қою тағы бір басымдық ретінде аталды Президент встретился с руководителями германских экономических ассоциаций и финансовых институтов «ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ Общество поддерживает решение Президента К. Токаева о реформе армии
Басты жаңалықтар

Астанада Қайрат Нұртастың концерті экоакциямен аяқталды

Астанада белгілі әнші Қайрат Нұртас концерт берді. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер бірден тарамай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акцияға қатысушылар концерт аяқталған соң қоқысты жинап, аумақты ретке келтірді. Олар өз үлгісі арқылы ауқымды мәдени іс-шаралар кезінде қоршаған орта тазалығына әркімнің жауапкершілікпен қарай алатынын көрсетті.

«Бүгін достарыммен бірге сүйікті қазақстандық өнерпазымыздың концертін тамашалауға келдік. Кештен жақсы әсер алдық. Концерт аяқталған соң аумақты тазартуға өз үлесімізді қосуды жөн көрдік. Бұл – қала тазалығына қосқан шағын үлесіміз», – деді көрермендердің бірі.

Мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қала тазалығын сақтау әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталатынын көрсетеді.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *