5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +17°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
Түркістанда округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары жалғасуда. Гражданское право не может оставаться неизменным в мире, который меняется практически ежедневно. Новый Гражданский кодекс по поручению Токаева: как усилят защиту прав казахстанцев Алматыда LRT, Семей мен Павлодарда жаңа көпір: Құрылыс қарқын алды Семейдің 2041 жылға дейінгі даму жоспары қандай? ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НАҚТЫ МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА БАҒЫТТАЛАДЫ «Кептеліс дегенді ұмытамыз» От реактора до захоронения: как Казахстан будет решать вопрос радиоактивных отходов АЭС
Басты жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді.

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге 815 млн теңге жұмсауға дайын.
Қайырымдылық бастамасына еліміздің өңірлерінің бизнес өкілдері болып табылатын Кеңестің 17 мүшесі қосылды. Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының хабарлауынша, қаражат тікелей қаза тапқандардың отбасыларына берілетін болады.

Allur Group директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен Integra Construction KZ бас директоры Шахмурат Муталип қаза тапқан әскери қызметшілердің әрбір отбасына 25 млн теңгеден жолдайды.

SA Construction Group бас директоры Гаджи Гаджиев отбасыларға көмекке 100 млн теңге, Karazhal Operating негізін қалаушы Жұмабек Жанықұлов – 50 млн теңге бөледі. 10 млн теңгеден Бақыт Атайбеков, Дмитрий Лактюшин және Имамзада Шағыртаев бөледі. 5 млн теңгеден Геннадий Зенченко, Акбаржон Исмаилов, Александр Куприенко, Сырым Ертаев және Лугмар Буларов жібереді. Бастамаға Николай Арсютин, Рафаил Гаджибалаев, Манас Ташыбеков, Латипша Асанов және Абдулла Исматуллаев та қосылды – олардың әрқайсысы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдауға 1 млн теңгеден бөледі.

Бұған дейін Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, барлық қажетті көмек ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Біздің әскери қызметшілеріміздің қаза болуы – ең алдымен үлкен адамзат қасіреті. Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, ал зардап шеккендерге тезірек сауығып, үйлеріне оралуын тілеймін»,

– деп атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *