«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРДАРАДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

Шардара қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, автомобиль жолдарының бойын тұрмыстық қалдықтардан тазарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция аясында Шардара–Абай облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жол жиегіне бей-берекет тасталған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар жиналып, қоқыстар арнайы полигондарға жеткізілді.
Тазалық шарасына 200-ге жуық азамат қатысып, жұмыстарды жүргізуге 10-ға жуық арнайы техника жұмылдырылды. Шараға қатысушылардың бірлескен жұмысы жол бойындағы аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Таза Қазақстан»– туған жерімізге деген жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыратын маңызды бастама. Тазалық сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарауға және осындай игі бастамаларға белсенді атсалысуға шақырамыз»,деді еріктілер ұйымының басшысы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *