«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» – БІЛІМДІ ҰРПАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесудің мақсаты – оқушыларға жобаның маңызын таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және кітапты күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыру.

Дөңгелек үстел барысында оқушылармен еркін пікір алмасып, олардың қандай жанрлар мен тақырыптарға қызығатыны талқыланды. Кітап оқитын балалар өздері оқып жүрген шығармалары, әсер еткен кітаптары мен кейіпкерлері туралы ой бөлісіп, бір-біріне кітап ұсынды.

Кездесу барысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұсынылатын кітаптар тізіміне де назар аударылып, сол шығармаларды оқудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар оқушылардың кітап таңдаудағы қызығушылықтары мен оқырмандық талғамы ортаға салынып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде пікір алмасылды.

«Кітап оқитын ұлт» жобасының басты мақсаты – кітап оқуды тұрақты дағдыға айналдырып, ойлай білетін, ізденетін, өз пікірін еркін жеткізе алатын, білімге құштар ұрпақ қалыптастыруға ықпал ету.
#КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *