ҚР Қарулы Күштері Орталық ансамблінің солисі, әскери әнші Эльдана Габерман әскер қатарына келгеннен бері «Әлия» әні өзінің ерекше туындысына айналғанын айтты.
Ол бұл әнді алғаш рет Ақтөбеде әскери парадтық киіммен көпшілік алдында орындаған. Сол сәтте көрерменнің қалай қабылдайтынына алаңдағанын жасырмайды.
«Неміс қызының «Әлияны» қазақша орындағанын халық қалай қабылдайды екен деп ойладым. Бірақ өте жақсы қабылдады, таңғалды. Өзім де ерекше сезімде болдым», – дейді Эльдана Габерман.