Жапонияның Аичи префектурасындағы Тоёхаси спорт кешенінде каратэден жазғы Азия ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр.
Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Кумите бағдарламасы 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Бэлла Самашева Малайзия өкілі Адеола Робертпен кездесті. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жекте қарсылас отандасымыздан 4-5 есебімен басым түсті.
Енді отандасымыз қола медальға таласады. Оның қарсыласы біраздан соң жұбаныш кезеңі аяқталған соң анықталады.