Мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау камераларын Жедел басқару орталығына қосу және аумақтық кезекші бөлімдерге шығару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанына назар аударылды.
Сонымен қатар, техникалық ақауы бар камераларды қалпына келтіру және жүйеге қосу мақсатында мердігер ұйымдарға тиісті хаттар жолданған. Аталған жұмыстарды бақылау үшін жауапты қызметкерлер бекітіліп, күнделікті есеп жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Арыс, Монтайтас және Сайрам аумақтарындағы жүк көліктерінің салмағын өлшейтін камералардың жұмысы да қаралды. Олардың жағдайы жауапты қызметкерлердің тұрақты бақылауында.
Сондай-ақ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бақылау бөлімінің басшысы Бакиров Жандос тамыз айының есептік көрсеткіші бойынша ақпарат берді.
Кездесу барысында Түркістан облыстық “Цифрлық даму орталығы”КММ басшы орынбасары К. Баймуратова мен Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Н.Меирханның қатысуымен білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мәселелері талқыланды.