26 – 27 қыркүйек аралығында халықаралық «VOICE OF TURAN – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді.
Өнер додасында әлемнің 20 елінен келген талантты орындаушылар бақ сынайды. Атап айтқанда, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарашай-Черкес Республикасы, Башқұртстан, Бразилия және Қырғызстан елдерінен өнерпаздар бақ сынайды.
Кеш қонақтарының қатарында Төлеген Мұхамеджанов, Нұржамал Үсенбаева, Құрмаш Махан, Бағлан Омаров, Ғәділбек Жанай, Гүлнұр Оразымбетова, Сырым Исабаев, Гүлсім Мырзабекова, Серік Ибрагимов, Әли Өтенов, Қазыбек Құрайыш және тағы басқалар бар.
Өтетін орны: «Керуен сарай» туристік кешені.
Уақыты: 18:00
Келіңіздер, халықаралық өнер мерекесін бірге тамашалайық!