4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды
Cаясат

«Адал азамат» – жаңа оқу жылының басты құндылығы.

1 қыркүйек – Білім күні Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» тақырыбында бір мезетте эссе жазу шарасы ұйымдастырылды.
Шараға өңірдегі 1 106 мектептің 554 973 оқушысы, 50 колледждің білім алушылары, сондай-ақ «Adal urpaq» ерікті клубтары мен «SANALY urpaq» студенттік клубтарының мүшелері қатысты.
Осылайша, 600 мыңға жуық жас жаңа оқу жылын «Адал азамат» идеясымен бастады.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына адалдық, адамгершілік, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, білімді әрі саналы азамат қалыптастыру.
Адал ұрпақ – саналы ұрпақ. Білім мен тәрбиені қатар ұстанған, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын, адалдықты өмірлік қағида еткен жас ұрпақ – мемлекеттің берік негізі.
«Адал азамат» идеясы – сапалы біліммен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елжанды, парасатты әрі жауапты азамат тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *