4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Uncategorized

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық енгізу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр.

Жарияланымда әңгіме депозиттің негізгі сомасы емес, банк есептейтін пайыздар туралы болып отырғанын айтады.

Бұл хабарлама – шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.

Оның үстіне, бұл норманын күшін жою және салымдар бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырып жатқан жоқ.

Демек, елде банктік салымдар бойынша пайыздарға 5% салық енгізу ұсынылды деген тұжырымдардың ешқандай негізі жоқ.

Мұндай хабарламаларда бұл бастаманың авторы, ресми құжаттың атауы, датасы немесе осы ұсыныс айтылған алаң көрсетілмейді. Бұл – жалған ақпарат әрі манипуляциялық ақпараттың басты белгісі.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды салықтар, әлеуметтік төлемдер және басқа да маңызды өзгерістер туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге шақырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *