4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Uncategorized

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАРАБҰЛАҚТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында кезекті санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Қарабұлақ ауылындағы Шымкент қақпа көшесінде орналасқан «Қарасу»бұлағы жағалауында өткен сенбілікке ауыл тұрғындары, барлық бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер, «Көрікті Сайрам» МКК қызметкерлері барлығы 300-ден астам адам қатысты.
Шара барысында тазалық жұмыстарына белсенділік танытып, атсалысқан бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Тазалық жұмыстары барысында көл жағалауы ретсіз қоқыстардан тазартылып, қураған ағаштардың бұталары кесілді. Сондай-ақ «Қарасу» бұлағының бойындағы аллея мен көпір сырланып ретке келтірілді. Нәтижесінде полигонға 3,2 тонна қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, ауданның барлық елді мекендерінде сенбіліктер ұйымдастырылды. Жалпы 75,2 шақырым көше бойы мен 32,6 шақырым аяқжол тазартылып, 14,2 шақырым аумақтағы арамшөптер орылды. 6 саябақ пен 7 аллеяның аумағы абаттандырылып, полигонға жалпы 24,3 тонна қоқыс жеткізілді.
Елді мекендердің тазалығы мен көркі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан, мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Бүгінгі сенбілікке барлығы 1300-ден астам адам, 27 техника жұмылдырылды.

#Таза_Қазақстан

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *